Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 25 жастағы жас жігіт 14 жастағы оқушыға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен қолға түсті. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy редакциясына облыстың полиция департаменті растады.
Мәліметке сүйенсек, қазір қажетті тергеу және процестік іс-әрекеттер кешені аясынла дәліл мен айғақтар жиналып жатыр.
«Тергеу органдары істің барлық мән-жайларын мұқият анықтап, зерделеп жатыр. Толық, әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды және негізделген процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне сәйкес, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.