Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған СУ-30СМ ұшағы әуеде 230 сағат қана ұшқан. Бұл туралы Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
"Жаңа ұшақ. Ұшқыштан қателік болған жоқ. Тергеу өтіп жатыр. Соның нәтижесін жариялаймыз. Ресейде шығарылған Су-30СМ жойғыш ұшағы 2022 жылы жеткізілген. Ең бастысы ұшқыштар аман қалды. Ұшақ 230 сағат ұшқан", - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.