Прямая трансляция

Астана

Астана

-24.03°C

Щучинскідегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Соңғы мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылды. 28 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Щучинскідегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: видиодан скриншот

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Олардың жағдайы медициналық қызметтердің бақылауында.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жанып жатқан дәмханадан көлемі әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллоны шығарылып, ғимарат ішінде қайталама жарылыстардың алдын алды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 51-42-98.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.