Прямая трансляция

Астана

Астана

-19.03°C

Маңғыстауда полицияға бағынбаған шетелдік қамауға алынды

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаған шетел азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық сот.

Маңғыстауда полицияға бағынбаған шетелдік қамауға алынды
Polisia.kz

Шетел азаматына қатысты істі Қарақия аудандық соты қарады. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 667-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды.

"Шетелдік азамат биыл 26 қаңтарда Құрық портында алкогольдік масаң күйде полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбаған. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұрады", - дейді сотта.

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.