Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылық қасиетіне ерекше тоқталып, Қазақстан туралы жылы пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді
Фото: Ақорда

Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Дональд Трамп Қазақстанды «керемет әрі бай мемлекет» деп атады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сізге көп рақмет! Бұл қандай ел десеңіз, бұл – керемет әрі бай мемлекет. Егер біреулерде қандай да бір күмән туындаса, бүгін мұнда өте бақуатты адамдар қатысып отыр», – деді ол.

Сондай-ақ Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси ұстанымы мен халықаралық деңгейдегі рөлін жоғары бағалайтынын атап өтті.