Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстандықтар наурызда неше күн демалатыны белгілі болды

Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді: Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз және Наурыз мейрамы, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қазақстандықтар наурызда неше күн демалатыны белгілі болды
Фото: pixabay

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 3 күн демалыс: 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі); Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 2 күн демалыс: 8 және 9 наурыз (жексенбі, дүйсенбі). 

Наурыз мейрамы

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 5 күн демалыс: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі); Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 4 күн демалыс: 21, 22, 23 және 24 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).