Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Балқашта көпқабатты үйдің бір бөлігі құлап кетті

Қарағанды облысы Балқаш қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлап кетті, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Балқашта көпқабатты үйдің бір бөлігі құлап кетті
Фото: instagram.com/balqash_qalasy_akimdigi

19 ақпанда сағат шамамен 08:10-да Қараменде би көшесі 10 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің бір бөлігі құлап кетті.

"Бұл тұрғын үй бұрын апатты деп танылып, бұзуға жатқызылған, қазіргі уақытта пайдаланылмайтын кіреберісінің бір бөлігі құлады. Бұл кіреберісте ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ", - дейді әкімдікте.

Құлаған кіреберіс жүргізілген техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасының негізінде апатты деп танылған.

"5-кіреберістің тұрғындары алдын ала қоныс аударылып, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылғаннын хабарлаймыз", - дейді әкімдікте.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Ғимарат қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылды. Инженерлік коммуникациялар: электр, жылу, су жүйелері белгіленген тәртіппен ажыратылды, дейді облыстық әкімдік. 

"Қазіргі уақытта құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, 5-кіреберісті демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған 4 кіреберісте қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі", - дейді Қарағанды облысының әкімдігінде.

Алдағы уақытта қалған кіреберістер конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама белгіленген тәртіппен әзірленетін болады, дейді ведомствода.