Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

ҰҚК Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді

ҰҚК әлеуметтік желіде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

ҰҚК Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді
Фото: facebook.com/zhaksylyk.omar

Ресми сауалға ведомство сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", - деп жауап берді ведомстводан.

ҰҚК шенеунікке қатысты тергеу қай бап бойынша жүргізіліп жатқанын ашып айтпады.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Өңір әкімдігі аталған тұлғаға қатысты қандай да бір ақпарат жоқ екенін, қолда бар деректерге сәйкес, мемлекеттік қызметші денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысын алғанын мәлімдеген еді.