Шығыс Қазақстан облысындағы ауылында ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендеген, деп хабарлайды YK-news.kz порталына сілтеме жасаған paryz.kz.
Жергілікті басылымның жазуынша, Шығыс Қазақстан облысында сақылдаған сары аяз сақталып отыр.
Мәселен, кеше Алтай ауданындағы Парыгино ауылында ауа температура -45 градус шамасында болса, бүгін ауыл тұрғындарының айтуынша, сынап бағанасы -53 градусқа дейін төмендеген.
Дегенмен басылымның мәліметінше, Қазақстандағы ең суық жерлердің бірі деп – Марқакөл ауданындағы Орловка ауылы саналады.
"Қазгидрометтің" дерегінше, бұл жерде 1931 жылғы 8 қаңтарда ауа температурасы -54,2 градусқа дейін төмендеген.