Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Көкшетауда 21 жастағы жігіттен ақша бопсалағандар қылмыс үстінде құрықталды

Ақмола облысында 21 жастағы жігіттен ақша бопсалағандар қылмыс үстінде құрықталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Көкшетауда 21 жастағы жігіттен ақша бопсалағандар қылмыс үстінде құрықталды
Фото: видиодан скриншот

Қамауға алу Көкшетау қаласында жүргізілді. Полиция мәліметінше, белгісіз ер адамдар жас жігіттен 500 мың теңге талап етіп, оның заңсыз әрекеттермен айналысып жатқанын айтқан.

Бұл айыптаулар негізсіз болды. Ал ақшаны беруден бас тартқаннан кейін олар жігітті қудалап, физикалық күш қолданамыз деп қорқытқан.

Тергеу кезеңінде күдіктілердің екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Олардың біреуі жуырда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған. Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: