Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстанда несие кешіріліп жатыр ма? Агенттік жауап берді

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердегі несиелерді есептен шығару туралы ақпарат тарап жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда несие кешіріліп жатыр ма? Агенттік жауап берді
Фото: istockphoto

Ведомство өкілдері азаматтарды күмәнді хабарламаларға сенбеуге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Сонымен қатар несиесін жабуға көмектесуді уәде ететін түрлі делдалдардан сақ болуды ескертті.

«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған мәліметтерге сенбеуді, делдалдарға жүгінбеуді сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады», — делінген агенттік хабарламасында. 

Несие бойынша қиындық туса не істеу керек? 

Агенттік Қазақстанда қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі жұмыс істейтінін еске салды. Егер несиеңізді төлеуде қиындыққа тап болсаңыз, ешқандай делдалсыз, тікелей өз банкіңізге барыңыз;

Қарызды қайта құрылымдау немесе төлем мерзімін ұзарту туралы өтініш жазыңыз;

Мемлекеттік органның ресми ресурстарын тексеріңіз. Мамандардың айтуынша, мұндай фейктер көбіне азаматтардың жеке деректерін алу немесе ақша бопсалау мақсатында таратылады.