Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Таразда 12 оқушы уланды: кәсіпкерге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Таразда 12 оқушының улануына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық соты.

Таразда 12 оқушы уланды: кәсіпкерге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: sputnik.kz

Істі Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты қарады. Кәсіпкер адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзды деп айыпталды Оқиға былтыр қарашада Байзақ ауданында болған.

"Дүкенде сатылатын тамақ өнімдерін тұтынғаннан кейін медициналық мекемеге тамақтан уланып, 12 оқушы жатқызылған. Жоспардан тыс тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тамақ өнімдерінен ішек таяқшалары тобының бактерияларын анықтады. Бұл өнімді дайындау кезінде санитарлық нормалардың бұзылғанын дәлелдейді", - дейді сот. 

Кәсіпкер кінәсін ішінара мойындап, бір уақытта 12 оқушы улануы мүмкін емес екенін мәлімдеді. Айтуынша дүкенге күн сайын тек 3 гамбургер жеткізілген.

"Кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған 1,2 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды. Сот 9 қызметкердің жалақысынан айырмау мақсатында мекеменің қызметін тоқтата тұру түрінде қосымша жаза қолданбады", - дейді сот. Сот қаулысы заңды күшіне енді.