Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Абай облысында жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды

Абай облысының Жарма ауданында республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс шектелуіне байланысты Калбатау ауылының блок-бекетінде "Зайсан-Өскемен" бағытындағы 35 жолаушысы бар автобус қалып қойды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Абай облысында жолда қалған автобус жолаушылары құтқарылды
ТЖМ

"ТЖМ құтқарушылары полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірге 35 адамды, оның ішінде 5 бала, жақын маңдағы жылыту пункттеріне жеткізіп орналастырды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады. ️ТЖМ дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады!", - делінген ТЖМ хабарламасында.