«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 25–27 желтоқсан аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды paryz.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы белсенді солтүстік-батыс циклоны өтеді. Ол өзімен бірге қар жауын-шашынын әкеледі, ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде болады.
26 желтоқсанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша боран, желдің күшеюі, ал батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ құбылыстары болжанады.
«Алайда 27 желтоқсанда циклонның орнын суық батыс антициклоны басып, бұл жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: түнгі уақытта солтүстік-батыс пен елдің солтүстігінде 25–30 градус аязға дейін, ал шығыста 22–30 градус аязға дейін төмендейді», – деп хабарлады «Қазгидромет» өкілдері.