Ауылдағы ветеринардың жалақысы 400 мың теңгеден асатын болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлім етті.
Айта кетейік, Республикалық бюджет комиссиясы ветеринария мамандарының жалақысын көтеру үшін 22 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды қолдады.
— Биыл ветеринарияға қатысты заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуіміз керек. Онда тиісті өзгерістер қамтылады. Жалпы, Республикалық бюджеттен 22 млрд теңгеге қолдау алдық. Сондықтан 2027 жылдан бастап төлем болады деп жоспарлап отырмыз, — деді А.
Бердалин Сенатта ветеринариялық қызмет тақырыбын талқылауға арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол 2027 жылдың қаңтарынан ауылдағы ветеринария мамандары 400 мың теңгеден астам жалақы алатынын растады.