Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto

Синоптиктердің мәліметінше, аязды, жауын-шашынсыз ауа райымен келген антициклон Қазақстан аумағынан шығып барады.

Оның орнына қуатты циклон жылжып келеді. Ылғалды ауа массаларымен толығатын бұл циклон республика аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын алып келеді, – делінген синоптиктердің болжамында.

Жауын-шашынмен бірге циклон желдің күшеюін де тудырады. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да күштірек болуы мүмкін.