Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Төрт жыл бойы зорлаған»: Шымкентте туған қызына айуандық жасаған тұрғын қамауға алынды

​​Жуырда адвокат Ләззат Рақышева Шымкент қаласында 15 жастағы қыз бала соңғы төрт жыл бойы туған әкесінен зорлық көргені туралы жазған еді. Осыған байланысты Azattyq Rýhy Шымкент қаласының Полиция департаментіне ресми сауал жолданған болатын.

«Төрт жыл бойы зорлаған»: Шымкентте туған қызына айуандық жасаған тұрғын қамауға алынды
Фото: istockphoto

Құқық қорғау органдары ақпаратты растады. Шымкент полициясының мәліметінше, осы іске қатысты арыз түсе сала күдікті қолға түскен.

«Шымкент полициясы кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Күдікті тұлға тез арада ұсталып, сот қаулысы негізінде қамалды», – деп хабарлады біздің ресми сауалымызға жауап берген дереккөз. 

Тергеу әрекеттері әлі аяқталған жоқ. Арыз жазған адам мен қыз баланың уәждеріне байланысты дәлелдер жиналып жатыр. Айта кетейік, полиция қыз баланы әкесінің інісі де зорлап, оның түсік тастағаны туралы ақпаратты растаған жоқ.

«Жәбірленушінің жауабына сәйкес, оған қатысты өзге тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері расталмады. Жүктілік пен жасанды түсік тастау туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді», – деп хабарлады Шымкент полициясы.