Прямой эфир
Астана
25.77°C
«Қазгидромет» РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Солтүстік және орталық өңірлер (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау) Бұл аймақтарда қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман жиі байқалады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кейбір аудандарда 15-20 м/с.
Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-10°, кей жерлерде -13° дейін төмендейді. Түнде -20…-28°, күндіз -15…-25°, солтүстігінде -30° дейін. Кей аймақтарда қар қалың түсіп, бұрқасын сіреседі. Шығыс өңірлер (ШҚО, Абай) Шығыста қар, бұрқасын, көктайғақ, түнде кей аудандарда қатты қар күтіледі.
Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде -8…-13°, күндіз -2…-6°. Оңтүстік өңірлер (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қалың қар, көктайғақ және қатты жауын-шашын күтіледі.
Жел 9-14 м/с, таулы аудандарда 15-20 м/с. Температура түнде -2…+3°, таулы өңірлерде -6…-11°, күндіз 0…+8°. Батыс өңірлер (БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе) Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі. Жел 9-14 м/с, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -1…-5°, күндіз -2…+3°. Ақтөбе облысында қар мен бұрқасын байқалады, аяз болады, -13…-23° дейін күшейеді.