Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 07.12.2025 10:19 Обновлять, 08.12.2025 04:38

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері қамауға алынды

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай сотқа тартылды, деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері қамауға алынды
Фото: ҰОК

Іс материалдары "Сот кабинетінде" жарияланған, онда оған билік өкілдеріне күш қолданды деген айып тағылған. Басқа деректер әзірге жарияланған жоқ, танымал балуан Павлодардағы тергеу изоляторынан алдағы сот отырысына жеткізілмек.

"Сот өндірісінде Шабанбай Д.Е.-ға қатысты ҚР ҚК 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағында көзделген "Екі және одан да көп адамға қатысты жасалған билік өкіліне күш қолдану" қылмысын жасау дерегі бойынша іс қаралып жатыр", - делінген "Сот кабинеті" материалдарында.

Сот спортшыны негізгі сот талқылауына қатысу үшін Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына этаптауға қаулы шығарды. 

Іс қаралып жатқан бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасын қарастырады.

Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашевтің айтуынша, 42 жастағы еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай спорттық мансабын бес жыл бұрын Қазақстан чемпионатында екінші орын алған соң аяқтаған.