Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Pixabay

2025 жылдың 10 қарашасында Атырау, Алматы, күндіз Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.