«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша қазір елімізде барлық бағыт бойынша жолдар ашық.
2025 жылғы 7 қараша сағат 08:00-де бұған дейін жабылған мына республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысы қайта жанданды:
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек.» автожолының 16-200-шақ., (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін).
• «Астана – Ерейментау - Шідерті» автожолының 200-254-шақ., (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Компания қазақстандықтарға «112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлағаны жөнінде SMS-хабарлама алған кезде бұған назар аударуды және елді мекендерден ұзақ сапарға шықпауды ескертті.