Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мүфтият 2026 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Мүфтият 2026 жылғы діни күндер кестесі бекітілді
Фото: pexels.com

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 2026 жылғы 19 ақпанда басталады.

Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 20 наурызға, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келіп отыр.