Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстандықтар не нәрсеге кредитті көп алады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредитке алынған ақшаның қандай мақсаттарға жұмсалатынын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстандықтар не нәрсеге кредитті көп алады
Фото: istockphoto.com

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, азық-түлікті кредитке алатын қазақстандықтар бар. Бірақ олардың саны көп емес.

"Шамамен, жалпы кредиттердің 10 процентіне де жетпейді. Бұдан бөлек, 20 процентке жуығы ұзақ қолданылатын тауарлар үшін алынады. 10 проценті үйді жөндеуге жұмсалады. Сосын оқуға және денсаулықты сақтауға да кредит рәсімделеді", - деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл қыркүйек айында халық пен бизнестің екінші деңгейлі банктер алдындағы қарызы 38,7 трл теңгеге жеткен. Соның 70 проценті – 24 трлн теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі. Берешектің басым бөлігі – тұтунышылық кредиттер.