Қазақстанда бүгін, 3 қарашада, “Наурыз” тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Алғашқы 3 сағат ішінде ел тұрғындары 2218 өтінім жолдаған, деп хабарлайды paryz.kz.
Отбасы банкінің мәліметінше, олардың 813-і сәтті қабылданған, ал 1128-і қаралу сатысында.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар, олардың үлесі 73%-ды құрайды.
Өтінімдердің негізгі бөлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан түскен. Өтінімдерді Baspana Market порталында беруге болады. Қабылдау 1 желтоқсанға дейін, жұмыс күндері жүргізіледі.