Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" мәліметіне сәйкес, 21–23 қазан аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Солтүстік, оңтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа райы антициклон ықпалында болады. Түнгі температура минус деңгейінде сақталады. Ал солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс және республиканың оңтүстік-шығысы циклон ықпалында болады.

«Төмен қысымды аймаққа байланысты бұл өңірлерде бұлтты ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Батыста күшті жауын-шашын болуы ықтимал. Ел аумағында жел күшейеді, – деп хабарлады синоптиктер.