Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағанды облысында әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды

Қарағанды облысында әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағанды облысында әйел адамның мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды
Фото: istockphoto.com

Оқиғаны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне түсініктеме берді. ПД мәліметінше, полицияның тірек пункттерінің бірінен азаматшаның денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр. Сол сияқты оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.

«Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық іс-әрекет мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды шындыққа жанаспайтын ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын», – дейді Полиция департаменті.