Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шығыс Қазақстанда мал қырылды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылында мал қырылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шығыс Қазақстанда мал қырылды
фото: Sputniknews

Өлген малдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Жергілікті тұрғындар малының қырылғанын алтын өндіретін зауытпен байланыстырады. Мәселені Sputnik Қазақстан тілшісі Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлібековтен сұрап білді.

"Хабар түскен сәтте, яғни 19 қыркүйекте аудандық СЭС, ветеринария мамандарымен тексеру комиссиясы құрылып, оқиға орнына барды. Өлген 7 бас малдан сынама алды, оның барлығы 1 жасқа дейінгі бұзау. Мал иелері комиссия жұмысын бірге қадағалады. Өлген мал сол күні ауыл маңындағы қорымға көмілді", - дейді әкім. 

Мейіржан Әлібеков өзі де құр жатпай тұрғындармен кездескенін айтады. "Ертеңінде мал иелерімен және басқа да тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап бердім. Сынама қорытындысы шықпайынша ешбір болжам айта алмаймыз. Нәтижесі 25-26 қыркүйек күндері дайын болады. Қорытындыға сәйкес тиісті шешім шығарылады. Облыс, аудан басшылығы қадағалап отыр", - дейді Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлібеков.