Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарағандыда пойыз апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды

Оқиға Ақадыр – Қарағанды учаскесінің Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде болған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағандыда пойыз апатқа ұшырап, үш адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com

ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, 92 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Mazda маркалы жеңіл автокөліктің жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған.

Алайда соқтығысудын алдын алу мүмкін болмаған. Автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмды. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

«ҚТЖ «ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жол қозғалысының барлық қатысушыларын теміржол өткелдерінің жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Түнде апат қаупі артқан кезде ерекше назар аудару қажет,-делінген мәліметте.