Алматыдағы қоғамдық орындардың бірінде түсірілген даулы видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода жас қыздың даяшыға дөрекі сөйлеп, аяқтарын сүрткізіп жатқан сәті байқалады.
«Саған ақша төледім. Жақсылап сүрт. Мен төрт сағат бойы жалаңаяқ жүрдім», – деп айқайлап, қызметкерге әмір еткені жазбада көрінеді.
Желі қолданушыларының айтуынша, қыз бұл әрекеті үшін даяшыға 50 мың теңге берген. Кадрлардан оның мас болғаны аңғарылады.