Бүгін Алматы облыстық соты "Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы жеке шағымын қарады. Бұл туралы өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Paryz.kz хабарлайды.
Ермегияевтің адвокаты аталған қаулының күшін жойып, сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Алайда прокурор қаулыны өзгеріссіз қалдыруды талап етті. Сот алқасы сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі бірінші сатыдағы сот қаулысын жоюға негіз таппады.
"Өтінішті қарау барысында іс жүргізу және материалдық құқық нормалары бұзылған жоқ. Сотталушының барлық сипаттамалары, соның ішінде келтірілген залалды өтеуі, тиісті түрде бағаланды. Шешімді жоюға негіздер анықталған жоқ", - делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.