Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев әлеуметтік салада тәртіп орнатуды талап етті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салада тәртіп орнатуды талап етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев әлеуметтік салада тәртіп орнатуды талап етті
Фото: Ақорда

Президент Қазақстан әлеуметтік мемлекет екеніне қарамастан, жұмыс істейтін азаматтар екі қолға бір күрек ұстай алатын адамдарды асырауға міндетті емес деп санайды.

"Мемлекеттен әлеуметтік көмекті аса мұқтаж жандар ғана алуы керек", - деп атап өтті Тоқаев.

Ол Астанада 400 мың "есепке алынбаған" адамның табылғанын еске салды. Ал қала билігі оларға әлеуметтік көмек көрсетуге мәжбүр, сондықтан елорда бюджетінің 60 пайызы әлеуметтік қажеттіліктерге кетеді.