Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Атырауда зейнетақы жинағына «тіс емдеген» клиника басшылары ұсталды

Атырау мен Құлсары қалаларында зейнетақы жинағын қолма-қол ақшаға айналдырған клиника басшылары қолға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Атырауда зейнетақы жинағына «тіс емдеген» клиника басшылары ұсталды
фото: видеодан скриншот

«Атырау Today» телеграмм арнасының мәліметіне сүйенсек, Атырау қаласындағы бір клиника 22,9 млрд теңге, тағы екі емхана 32 млрд теңге, Құлсарыдағы бір мекеме 7,6 млрд теңгені жылыстатты деген күдік туып отыр.

«Атырауда зейнетақы жинақтарын жалған стоматологиялық қызмет арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған топ ұсталды. Тінту кезінде миллиардтаған теңге, көліктер мен құнды заттар тәркіленді. Қазір шамамен 10 адам қамауда, бірақ қылмыстық схемаға қатысқан адамдардың саны елуден асуы мүмкін», - деп хабарлайды дереккөз. 

Құзырлы орган тек клиника басшыларын ғана емес, делдалдарды, есепші, агенттер мен кеңсе қызметкерлерін де тергейді.

«Бір ғана клиника осы схема арқылы 22,9 млрд теңгені «иемденген». Тағы екі емхана — 32 млрд, ал Құлсарыдағы медициналық мекеме «бар болғаны» 7,6 млрд теңгемен шектелген», - деп жазады дереккөз.