Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бекзат Саттархановтың анасына пәтер кілті табысталды

Қазақ боксының ұлы перзенті, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов жайлы жаңа кітаптың тұсаукесерінде батырдың анасына баспана кілті табыс етілді.

Бекзат Саттархановтың анасына пәтер кілті табысталды
Фото: adyrna.kz

Бүгін қазақ спортының тарихында есімі мәңгілікке жазылған Бекзат Саттарханов туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.

Іс-шара барысында чемпионның анасына ерекше құрмет көрсетіліп, жаңа үйдің кілті табысталды. Beles құрылыс компаниясының басшысы Махат Төреәлі игі ісін былай түсіндірді:

«Жылқышы жылқы бақса – жылқы, қой бақса – қой сыйлайды. Біз қазір үй салып жатырмыз. Сол себепті апама бір үй сыйлағым келіп тұр», – деді ол.

Бұл сөздер жиналған қауымның жүрегін елжіретіп, залды ұзақ қол шапалаққа бөледі.