Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ең төменгі жалақыдан төмен айлық алатындардың санын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Министрдің мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде республика бойынша 329 мың азамат 80 мың теңгеден төмен жалақы алып жүр.
“Талдау бір нәрсені көрсетті. Жұмыс берушілер оларды тек келісімшартпен бірнеше сағатқа ғана жұмысқа тартқан”, - деді Жақыпова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал 780 мың адам 85 мың теңге көлемінде жалақы алып жүр.
“Олардың ішінде бірнеше санат бар. Мәселен, ірі кәсіпорындар салық пен әлеуметтік қорларға аударылатын қаржыны азайту үшін 85 мың теңгені төлеп, қалғанын конвертпен береді”, - деп атап көрсетті Жақыпова.