Кезекті онлайн-жиынында Нұрлан имам қоғамдағы атеистерге көзқарас туралы ой қозғады, деп жазады Paryz.kz.
«Атеистерді ғайбаттап, ауыр сөздер айту дұрыс емес. Әлеуметтік желілерде олардың парақшасына кіріп, дөрекі пікір жазудың да қажеті жоқ. Олар да – осы мемлекеттің азаматтары. Дінді қорғау үшін міндетті түрде біреуді қорлау шарт емес. Қажет болса, дінді Жаратушының Өзі қорғайды», – деді ол.
Сонымен қатар Нұрлан имам ұлттың болашағы мен мүддесін қорғау баршаға ортақ парыз екенін атап өтті.