Түркияның Измир қаласында жасөспірім полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Салдарынан екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеп.
Шабуыл жасаған 16 жастағы жасөспірім бетіне маска киіп, оқ атқан. БАҚ дерегінше, оны бұған дейін де полиция ұстаған, алайда кейін босатқан.
Қайта қолға түскенде ол «полиция мені бұның алдында жәбірлеген, сондықтан, оқ аттым» деген. Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая екі полиция қызметкерінің қаза тапқанын растады.
Сонымен қатар шабуыл кезінде тағы екі адам жарақат алған, олардың бірі ауыр жағдайда жатыр.