Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алдағы күндер жауын-шашынды болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері республика бойынша 9,10 және 11 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алдағы күндер жауын-шашынды болады
Фото: Kazinform

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінің ауа райын батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.

Жекелеген өңірлерде жаңбыр мен найзағай болады: солтүстікте, 9–10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, 10–11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында жаңбыр мен бұршақ жауып, дауылды жел тұрады.

Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Температуралық фон бойынша төмендеу болжанады: 

Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С;

Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +8…+16°С, аймақтың оңтүстігінде +23°С дейін;

Солтүстікте түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С;

Орталықта түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С;

Шығыста түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С;

Оңтүстікте түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.

Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.