Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бестеректе көлік қаққан балалар ауруханадан шығарылды

Абай облысында жол апатынан зардап шеккен балалар елордадағы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Бестеректе көлік қаққан балалар ауруханадан шығарылды
Фото: istockphoto.com

21 тамызда Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен екі бала шұғыл түрде Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілген болатын.

"Ұл бала мен қыз баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Дәрігерлер олардың жарақатының ауырлығын ескеріп, бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Сол жерде ота жасалып, қажетті ем-шаралардың толық кешені жүргізілді", - дейді басқарма. 

Екі апта балалар тәулік бойы дәрігерлердің жіті бақылауында болған. Қазір балалардың жағдайы тұрақты. Бүгінде балалардың хәлі жақсы, оң динамика байқалады, амбулаторлық ем алуға үйіне жіберілді. 

"Екі бала көптеген жарақатпен түсті. Дәрігерлер күрделі ота жасады. Қазіргі таңда ұл мен қыздың жағдайы жақсы: белсенді, шағымы жоқ", — деді аурухана басшысының орынбасары Динат Ерікұлы.

Еске сала кетсек, 19 тамызда Бестерек ауылы қайғыдан қан жұтты. Автокөлік жоғары жылдымдықпен жеке үйдің ауласына соғылып, 6 баланы қағып кетті. Жол апатынан үш бала көз жұмса, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды.