Қазақстанда есірткі қылмысы үшін әртүрлі мерзімдерге сотталған мыңға жуық жас адам түрмеден ерте босап шығатын болды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлім етті.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда есірткі қылмысы үшін ұсталатын адамдардың жасы жасарып кеткен.
«Әлем бойынша қарасақ, есірткі қылмысы ең ауыр қылмысқа жатады және оныі жазасы да ең ауыр. Кейбір ел тіпті бұндай қылмыс үшін өлім жазасын қолданады. Бірақ, біздің елде есірткі қылмысына 16-18 жас аралығындағы жастар араласып кеткендіктен, оларға екінші мүмкіндік бердік», - деді ол брифингте.
Оның айтуынша, биыл түрмеден шамамен мыңға жуық жас адам босап шығады.