Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алимент төлемеген 80 әкеге республикалық және мемлекетаралық іздеу жарияланды

Абай облысында жыл басынан бері алимент төлемеген әкелерге қатысты 209 қаулы түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Алимент төлемеген 80 әкеге республикалық және мемлекетаралық іздеу жарияланды
фото: Sputniknews

Ресми хабарламаға сәйкес, үш жұмыс күні ішінде ешқандай іздестіру ісін қозғамай-ақ 129 адамның тұрған жері анықталды.

"Тағы 80 борышкерге республикалық және мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 35 адамның тұрған жері табылып, тиісті ақпарат сот орындаушыларына берілді",- деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті алимент өндіру үшін сот орындаушысына жүгіну қажеттілігін еске салды. Атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін қажетті құжаттарды (сот шешімі, жеке куәлік, ЖСН және өзге де құжаттар) ұсыну қажет. Борышкер жалтарған жағдайда сот орындаушысы қаулыны полицияға жолдайды, дейді тәртіп сақшылары.