Астанада Атырау көпіріне көлігімен кірген жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.
1 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі Атырау көпіріне шығып кеткен сәті түсірілген видео тарады. Айта кетейік, бұл көпір тек жаяу жүргіншілерге арналған.
Полицияның мәліметінше, құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 және 437-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.
Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жас жігіт 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Мұндай әрекеттер қауіпсіздікке қатер төндіріп, қоғамдық тәртіпті бұзады, - деп атап өтті Астана қаласының ПД.