Парламент палаталарының бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясы ашылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сессияның ашылуында алдымен Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Іс-шараға Парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, Премьер-министр мен Үкімет мүшелері, Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.