Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығына сілтеме жасаған Paryz.kz.
Орталықтың ресми сайтындағы мәліметіне сүйенсек, Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметтер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 28 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 07:54 (GMT 02:54) Шығыс Қазақстан облысының аумағында, Күршім ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентр координаттары – 48,49 градус солтүстік ендік, 83,56 градус шығыс бойлықта. Магнитудасы – 4,5. Энергетикалық класы – 10,9. Тереңдігі – 16 км.