Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Солтүстік Қазақстан облысында әр оныншы мектепте директор жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылы қарсаңында білім саласында кадр тапшылығы айқын сезілуде. Аймақ бойынша 16 мыңнан астам педагог еңбек етсе, оның ішінде 11,6 мыңнан астамы жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істейді. Алайда, алдын ала мәлімет бойынша, 2025-2026 оқу жылына 985 бос орын қалып отыр. Оның 675-і ауылдық мектептерге тиесілі, деп хабарлайды Paryz.kz Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында әр оныншы мектепте директор жоқ
Фото: istockphoto.com

Облыстағы жетекшілік құрамда да күрделі жағдай байқалады. 444 мектептің 44-інде директор жоқ.

— «Бұл мәселені шешу үшін «Білім берудегі 1000 өзгеріс көшбасшысы» бағдарламасынан өткен педагогтарды бос тұрған қызметтерге тарту ұсынылады», — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова.

Жас мамандарға сенім артылмақ Кадр тапшылығын жою үшін жастарға арқа сүйеу жоспарланып отыр.

— «Биыл 493 жас маман университетті тәмамдап, мұғалім дипломын алды. Сондай-ақ, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжді 432 түлек бітірді. Жас мамандарды тиімді бөлу үшін олардың мектептерге жұмысқа орналасуын бақылау жүйесі енгізіледі», — деп хабарлады басқармада.

Жаңа оқу жылының басталуы

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 74 мыңнан астам оқушы мектепке барады. Сондай-ақ, 11 мың жас колледждер мен жоғары оқу орындарында білімін жалғастырмақ. Оқу жылы 2 қыркүйектен басталады.