Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында 2014 жылы жастар құрамасының бас бапкерімен болған келіспеушіліктерін ашық айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Спортшының айтуынша, бапкер тарапынан оған алдын ала қалыптасқан теріс көзқарас болған.
«Неге маған бұлай қарайтынын түсінбедім. Кейіннен “ол мүлдем ойнай алмайды, тек әдемілігі үшін ғана құрамада жүр. Жеңілістердің бәрі Сабинаға назардың көптігінен” деген әңгімелер тарады. Мұны қақтығыс деп емес, түсінбеушілік деп қабылдадым. Ол менен бір нәрсе талап етті, бірақ нақты не қалағанын түсіне алмадым. Әр жаттығудан кейін көз жасымды тия алмайтын кездерім көп болды. Тіпті қонақүйде тұрып бапкерге хабарласып: “Ұлттық құрамада ойнағым келмейді, қатты шаршадым” дейтінмін», – деді Алтынбекова.