Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Көшеде әскери техника жүреді»: Астаналықтарға ескерту жасалды

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына жолдардың уақытша жабылатынын ескертті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Көшеде әскери техника жүреді»: Астаналықтарға ескерту жасалды
Фото: paryz.kz

"Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің Қазақстан Республикасына ресми сапары кезінде (26-27 тамызда) қаланың жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Дайындық іс-шараларында арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің ресурстары, оның ішінде әскери авиация мен техника пайдаланылады.

Мемлекеттік күзет қызметі Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық дәрежедегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.