"Қазақстан темір жолы" АҚ теміржолда төтенше жағдай болғанын хабарлады.
Ұлытау облысында Қызылжар – Түйемойнақ өткелінде №107 Жезқазған-Астана бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі жүк вагонымен соқтығыспау үшін тежегішті шұғыл қолданды.
"24 тамызда сағат 21:38-де пойыз машинисі кедергіге 300 метр қалғанда 12 км/сағ жылдамдықпен жүк вагонының жолда болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды", - деп жазылған хабарламада.
Локомотив бригадасының жедел және кәсіби әрекеті арқасында елеулі зардаптарды болдырмауға мүмкіндік туды.
Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар шұғыл тежеу салдарынан жеңіл жарақат алды. Пойыз 23:14-те жүрісін жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотив зақымданған жоқ. Оқиға себептері анықталуда.