Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған Paryz.kz.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.
Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.