Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шығыс Қазақстанда пойыз екі әйелді басып кетті

Шығыс Қазақстан облысында екі әйелді пойыз басып кетті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстанда пойыз екі әйелді басып кетті
Фото: ҚТЖ

Оқиға 22 тамызда сағат 10:20-да Коршунов – Өскемен-1 (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) аралығында болған.

"Пойыз машинисі темір жолда екі адамның болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Бірақ бұл әрекет адамды басудың алдын алуға мүмкіндік бермеді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан бір әйел оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

ҚТЖ қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жарақат алған әйелдің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.