Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Хасан Қасымбаев тағылған айыптарды мойындамады

Бүгін, 22 тамыз күні Талғар аудандық сотында өтіп жатқан сот процесі барысында Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Хасан Қасымбаев тағылған айыптарды мойындамады
фото: видеодан скриншот

Сот отырысында айыптау актісін мемлекеттік айыптаушы оқып шыққаннан кейін, судья Айнагүл Тұқыбаева Қасымбаевтан кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын сұрады.

— Кінәмді толығымен мойындамаймын, — деп жауап берді Қасымбаев. 

Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қараша қамауға алынды.  Бас прокуратура Талғарда адам ұрлап, ұрып-соғуға қатысты істі қайта қарады. Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша айып тағылып отыр.